Nokia 5130 XpressMusic - Қатынас кодтары

background image

Қатынас кодтары

SIM картасымен бірге берілетін PIN коды картаны рұқсатсыз пайдаланудан

қорғайды. Кейбір SIM карталарымен бірге берілетін PIN2 коды кейбір қызметтерді

пайдалану үшін қажет болады. Егер сіз PIN немесе PIN2 кодын қатарынан үш рет

қате енгізсеңіз, PUK немесе PUK2 кодын енгізу қажет болады. Егер сізде олар

болмаса, қызмет ұсынушыңызға хабарласыңыз.
SIM картаңыздың қауіпсіздік модуліндегі мәліметтерге рұқсат алу үшін

модульдік PIN коды қажет болады. Сандық қолтаңба үшін қолтаңба PIN коды

қажет болуы мүмкін. Тыйым салу кілтсөзі қоңырауларға тыйым салу қызметін

пайдаланғанда қажет етіледі.
Телефоныңыздың қатынас кодтарын және қауіпсіздік параметрлерін қалай

пайдаланатынын анықтау үшін Мәзір > Параметрлер > Қауіпсіздік пәрменін

таңдаңыз.

Жалпы мәліметтер

© 2008 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

8

Қауіпсіздік коды телефоныңызды рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға көмектеседі.

Алдын-ала қойылған код 12345. Код жасап, оны өзгертуіңізге, сондай-ақ,

телефонды код сұрайтын етіп орнатуыңызға болады. Кодты құпия және

телефоныңыздан бөлек, қауіпсіз жерде сақтаңыз. Егер кодты ұмытып қалсаңыз

және телефоныңыз құлыпталып қалса, телефон қызмет көрсету қажет болады

және қосымша төлем алынуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Nokia Care

орталығымен немесе телефоныңыз дилерімен хабарласыңыз.