
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Батарея
© 2008 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
32

Күтім және техникалық қызмет көрсету
Сіздің құрылғыңыз дизайны мен шеберлілігі жоғары өнім болып
табылатындықтан, оны ұқыпты пайдалану керек. Төмендегі ұсыныстар
кепілдігіңіз күшін сақтауға көмектеседі.
● Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-шашынның, ылғалдың және сұйықтардың
құрамында электрондық тізбектердің тот басуына себепші болатын
минералдар болуы мүмкін. Егер сіздің құрылғыңыз дымқылданып кетсе,
батареяны алып, оны орнына салардың алдында құрылғыны әбден
құрғатыңыз.
● Камера, байланыссыз сенсор сияқты линзаларды және жарық сенсорының
линзаларын тазалауға жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
● Құрылғыны шаң, лас жерлерде пайдаланбаңыз. Оның ауыстырмалы бөліктері
мен электрондық бөлшектерінің зақымдануы мүмкін.